12.01.2026
Кербулакская районная библиотека
Кербұлақ аудандық балалар кітапханасы Сарыөзек орта мектебінің 6-сынып оқушыларының қатысуымен "Қазақтың кемеңгері" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қазақ халқының көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен қызметін кеңінен таныстыру. Оқушылардың оның ел басқарудағы даналығы, адамгершілік болмысы, тарихи еңбегі туралы мағлұмат беру арқылы жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін, ел тарихына деген құрметін арттыру. Қонаев тұлғасы арқылы адалдыққа, қарапайымдылыққа, елге қызмет етуге тәрбиелеу.