30.01.2026
Кербулакская районная библиотека
Қоянкөз ауылдық кітапханасы халқына қалтқысыз қызмет еткен, қарапайымдылығымен, әділдігімен ел есінде қалған дара тұлға, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның аса ірі саяси тұлғаларының бірі – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 114 жыл толуына орай «Қонаев әлемі: өнегелі өмір, өшпес із» атты оқырман конференциясын өткізіліп, шара соңында «Халықтың ардақты ұлы - Дінмұхамед» атты кітап көрмесі қойылып, библиографиялық шолу жасалды.Шараға мектеп оқушылары, ауыл белсенділері, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Мақсаты: көрмеде Дінмұхамед Ахметұлының өмір жолы, қызметі туралы жазылған кітаптар, естеліктер мен мерзімді баспалардан материалдар ұсынылды,оқырмандарды осы еңбектермен танысып, оқуға шақырылды.