05.02.2026
Кербулакская районная библиотека
Мұқағали Мақатаевтың 95 - жыл толуына орай Кербұлақ аудандық балалар кітапханасының ұйымдастырумен "Әр өлеңі - бір әлем" атты байқау өткізілді. Мақсаты: қазақ поэзиясының заңғар тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, оның өлеңдері арқылы жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, поэзияға, көркем сөзге деген сүйіспеншілігін арттыру. Ақын өлеңдеріндегі адамгершілік, отансүйгіштік, өмір мен махаббат тақырыптарын терең түсінуге жетелеу, қатысушылардың шығармашылық қабілетін, көркем оқу мәдениетін дамыту және әдеби талғамын қалыптастыру.