06.02.2026
Кербулакская районная библиотека
Табиғат- біздің ортақ үйіміз. Оны қорғау- әр адамның міндеті.Қоянкөз ауылдық кітапханасы ғылыми-жаратылыстану әдебиеттерін насихаттау барысында 6 сынып оқушылары арасында «Жасыл әлем – ортақ мекен» атты экологиялық сағат өткізді. Мақсаты: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, қоршаған ортаны сақтаудың маңызын түсіндіру.Экология ұғымын түсіндіру, табиғатқа зиян келтіретін әрекеттерді анықтау, экологиялық дұрыс мінез – құлыққа баулу.