06.02.2026
Кербулакская районная библиотека
Аудандық кітапхананың кітапханашылары, Д. А. Қонаев атындағы орта мектебімен бірлесе отырып мектеп кітапханасында қазақ поэзиясының Хан Тәңіріндей асқақ тұлға, жыр дүлдүлі, ақиық ақын, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған «Мұқағали - мәңгілік жыр» атты поэзия кеші өткізілді.
Мақсаты: - ұлттың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, жастардың әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыру және рухани құндылықтарды дәріптеу.