10.02.2026
Кербулакская районная библиотека
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жер – ананы аялаған еңбек» атты ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген тұрғындармен кездесу кеші өткізілді. Кездесу барысында ауыл еңбеккерлері өз тәжірибелерімен бөлісіп, егіншілік пен мал шаруашылығының маңызы, еңбек адамдарының қоғамдағы орны туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Шара барысында еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі үлгі ретінде таныстырылды.
Мақсаты: Ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген тұрғындардың еңбегін дәріптеу, жер-ананы аялау, адал еңбекке құрмет сезімін қалыптастыру, жастарды еңбекқорлыққа, туған жерді қадірлеуге тәрбиелеу.