Оқиғалар

“Алаштың арланы”

“Алаштың арланы”
16.02.2026
32
Кербулакская районная библиотека
Ақпан айының 16-сы күні Қоғалы ауылдық кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен Алаш қозғалысының негізін қалаушы, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның 160 жылдық мерейтойына орай “Алаштың арланы” атты тақырыпта кітапхананың тұрақты оқырмандарымен оқырман конференциясы өтті. Мақсаты: жас ұрпаққа Ә. Бөкейхановтың өнегелі өмір жолы туралы ақпарат беру, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметі жөнінде білімдерін кеңейту, жастарды ұлтжандылық, отаншылық рухта тәрбиелеуге ықпал жасай отырып, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге үйрету. Іс-шара кіріспе сөзбен басталып, кітапханашы Албанбекова Б. қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны мен қоғамдық-саяси қызметі туралы ақпарат берді. Шара барысында кітапханашы оқырмандарға сұрақтар қойып, оқырмандардан жауап алынды. Мысалы: Алаштың ұлы көсемі XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының арасынан қандай тұлғалық қасиетімен ерекшеленді?, Ұлт қайраткері қазақ үшін не істеді?, Алаш қозғалысына қатысқан адамдарды ата? т.б. Шара соңында оқырмандар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика