17.02.2026
Кербулакская районная библиотека
Талдыбұлақ ауылдық кітапханасы ұйымдастыруымен «Ауған отында шындалған ерлер» атты дивертисмент кеші өткізілді. Кеш Ауған соғысына қатысқан ардагерлердің ерлігі мен қайсарлығын дәріптеуге арналды. Іс-шара барысында тарихи деректер айтылып, ардагерлердің өмір жолы таныстырылды, патриоттық өлеңдер оқылып, әндер шырқалды. Кітап көрмесі ұйымдастырылып, қатысушыларға Ауған соғысы туралы әдебиеттер мен мәліметтер ұсынылды. Кеш барысында ерлік, елге қызмет ету, бейбіт өмірдің қадірі жайлы тағылымды ойлар айтылды.
Мақсаты:
– Жас ұрпаққа Ауған соғысы ардагерлерінің ерлігін насихаттау;
– Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді қалыптастыру;
– Тарихи сананы нығайту және бейбіт өмірдің құндылығын түсіндіру;
– Ардагерлерге құрмет көрсету, олардың ерлік жолын үлгі ету.