18.02.2026
Кербулакская районная библиотека
Қоянкөз ауылдық кітапханасы техника,ауылшаруашылық әдебиеттерін насихаттауда «Еңбекпенен ел көгерер» атты өнегелік сабақ өткізді.Сабақтың мақсаты: оқушыларға еңбектің адам өміріндегі, қоғам дамуындағы маңызын түсіндіру, еңбекқорлыққа, адалдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.Еңбек туралы халық даналығын таныту, еңбексүйгіш адамның қасиеттерін ашу, оқушыларды адал еңбекке баулу, қоғамға пайдалы болу сезімін қалыптастыру.