16.04.2026
Кербулакская районная библиотека
23 сәуір дүниежүзілік кітап мерекесі күніне орай аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету залында Кербұлақ ауданының «Құрметті азаматы», тарихшы, Тезек төре танушы Азамат Ақылбековтің «Ақ қырау көңіл» атты кітабының тұсауы кесілді. Шараға Кербұлақ ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бөкен Қабиұлы Рысбеков және Ә. Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің әжелері мен Күреңбел қазақ орта мектебінің оқушылары қатысты.