29.04.2026
Кербулакская районная библиотека
Аудандық және ауылдық кітапханалар арасында қазақ жырының қара нары, шындықтың шырақшысы болған біртуар ақын Қайрат Әлімбектің шығармаларын насихаттау
мақсатында “Жетісудың жезкиігі” атты байқау ұйымдастырылды. Бұл байқауға 8 үміткер қатысып, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар,-демекші Қоянкөз ауылынан келген
үміткер Ақжолқызы Ақзат жарып шығып, бас жүлдені қанжығасына байлап, облысқа жолдама алды.