15.06.2026
Кербулакская районная библиотека
Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті өкілі, жазушы, сазгер, өнер зерттеушісі Ілия Жақановтың 90 жылдық мерейтойына орай Қоянкөз ауылдық кітапханасы “Саз сырын-сөзбен тербеген- Ілия” атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Мақсаты: Ілия Жақановтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, жазушының, сазгердің және өнер зерттеушісінің қазақ мәдениетіндегі орнын таныту, қазақ музыкасы мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесін дәріптеу.