24.06.2026
Кербулакская районная библиотека
Маусым айында Қоғалы ауылдық кітапханасының кітапханашыларының ұйымдастыруымен 26 маусым халықаралық есірткі мен есірткі саудамен күрес күніне орай «Есірткі – ел ертеңіне төнген қауіп» атты тақырыпта кітапхананың тұрақты оқырмандарымен шок-урок өткізілді. Мақсаты: оқушылардың есірткінің адам ағзасына , қоғамға тигізер зиянын түсіндіру. Салауатты өмір-салтын насихаттау. Жастарда жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу. Кітапханашы кіріспе сөзбен бастап, оқушыларға сұрақтар қойылып жауаптары алынды. Мысалы: Есірткі дегеніміз не? Неліктен жастар есірткіге әуес болуы мүмкін? Жаман әдеттен қалай сақтануға болады? «Бір рет көрудің» соңы неге әкелуі мүмкін?, Есірткі сатудың қоғамға қауіпі қандай? Болашақта қандай азамат болғыларың келеді? т.б.