Оқиғалар

​Кербұлақ аудандық кітапханасының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты

​Кербұлақ аудандық кітапханасының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты
27.08.2026
11
Кербулакская районная библиотека
2026 жылдың 16 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Президенттің айтуынша кітап оқу – өркениетті қоғам құрудың және озық ойлы ұлт қалыптастырудың маңызды негізі. Әрбір тұлғаның адам болып қалыптасу жолындағы кітапхананың алатын орны ерекше. ​Кербұлақ аудандық кітапханасының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты 2026 жылы 25 тамыз күні өткізілді. Шараға облыс әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы, зиялы қауымдар, әр аудандық кітапханаларының директорлары, кітапхана зейнеткерлері және аудан тұрғындары қатысты. Шара барысында жаңа кітапхананың ішкі құрылымы таныстырылып, электронды ресурстар көпшілік назарына ұсынылды. Ашылу салтанатында облыс әкімі құттықтау сөз сөйлеп, Қасым –Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» атты 52 дана кітабын сыйға берді. Кітапхананың тұрақты жас бүлдіршіндері кітап туралы өлеңдерінен жыр шашуларын тарту етті.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика