Оқиғалар

«Кітап оқитын ұлт» бұрышы

«Кітап оқитын ұлт» бұрышы
16.09.2026
12
Кербулакская районная библиотека
Кербұлақ аудандық кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» марафоны аясында, іс-шарамызға арнайы ауданымыздың жас ақыны Бақыт Қалибек, Кербұлақ аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бөкен Қабиұлы, Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылының ақсақалдар төрағасы Саудабаев Биахмет Молдаханұлы, Кербұлақ аудандық әжелер ансамблінің мүшелері, Кербұлақ аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ғалия Ниязқызы, Сарыөзек ауылының аналар кеңесінің төрайымы Мира Жұмақанқызы, Кербұлақ аудандық «Әділет» партиясының жетекші маманы Асанов Ермек шақырылды. Шараны Кербұлақ аудандық кітапхананың директорының орынбасары Т.Муйтунова кіріспе сөзімен ашты. Іс-шараны З.Жанаева жалғастырды. Біздің жас оқырмандарымыз ақын ағаларына арнайы сұрақтарын қойды, Бақыт Қалибек өз өлеңдерін оқырмандарға тарту етті. Осы шараға қатысқан оқырмандардың барлығы «Кітап оқитын ұлт» марафонына тіркелді. Қазақстан азаматтарының бойында бала кезден кітап оқудың тұрақты дағдысын қалыптастырып, еліміздің әлемдегі ең көп кітап оқитын 10 мемлекеттің қатарына қосылуына ықпал ету. Марафон аясында кітапхана қорынан классикалық, тарихи және заманауи әдебиеттер ұсынылып, арнайы кітап көрмесіне А. Муйтунова библиографиялық шолу жасады.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика