Жоламан ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында бұрыш ашылды. Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға баулу, оқу мәдениетін қалыптастыру, олардың рухани дүниесін байыту, ой-өрісін кеңейту және кітапханаға деген қызығушылығын арттыру.