21.09.2026
Кербулакская районная библиотека
Аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету залында Кербұлақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі сонымен қатар кітапханашылардың ұйымдастыруымен 18 қыркүйек күні «Тіл- татулық тірегі» атты тақырыпта кеш ұйымдастырылды. Шараға №49 орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары мен сынып жетекшілері және тіл мамандары қатысты. Кешімізді кітапханашы Н.Ақжолтаева жүргізді. Кербұлақ ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Э.Дүйсенбекқызы баяндама жасады. Ә.Сарыбаев атындағы мәдениет үйінің әншілері Айт Сабыр мен Ұлықбек Нұрсабек көрермендерге ән шашуын тарту етсе, кітапхана библиографы М.Жүнісова «Ана тілім ажарым, асыл мұрам» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кеш соңында тіл мамандарын марапаттау рәсімі өтіп, жетекші тіл маманы Сеңгірбаева Ардақ кешті қортындылады.