13.10.2026
Кербулакская районная библиотека
7 қазан күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жас кітапханашылардың кәсіби біліктіліктерін арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға бағытталған «Үздік жас кітапханашы – 2026» облыстық байқауы өтті. Облыс көлеміндегі жас кітапханашылар бас қосқан тағылымды байқауға Кербұлақ аудандық кітапханасының кітапханашысы Ержігітова Құралай Қабдулбекқызы қатысып, өзінің кәсіби шеберлігі мен ізденімпаздығын танытып, жүлделі III орынға ие болды. . Әріптесімізді жеңісімен құттықтаймыз!