Оқиғалар

Елдос Тоқтарбаймен кездесу кеші

Елдос Тоқтарбаймен кездесу кеші
28.05.2024
18
Коксусская районная библиотека
31 мамыр - Саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күніне орай, Көксу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен , 24 жасында «Дарын» сыйлығының иегері, 25 жасында 9 кітаптың авторы атанған, балалар жазушысы, әдебиеттанушы, сыншы, Алаштанушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Елдос Тоқтарбаймен кездесу кеші өтті. Шарада жазушы, Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беріп, жас ұрпақты олардың есімдерін құрметтеуге шақырды. Алаш қайраткерлері туралы жазған кітаптарымен таныстырып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Шара соңында Көксу аудандық кітапханасына өзі жазған кітаптарын сыйға тартып қана қоймай, оқырмандар қызығушылық танытқан кітаптарын өз қолтанбасымен шараға қатысушыларға тарту етті.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика