13.06.2024
Коксусская районная библиотека
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында, Көксу аудан әкімі аппаратының басшысы Кубиева Жанар Әнуарбекқызы «История цивилизации непокорной степи» атты тастағы тарихты, дала тарихын, өркениет тарихын, Жетісудың қоғамдық тарихын баяндайтын 4 томдық және Байырқан Әбдікерімқызының «Кенже жырым» атты кітаптарын жеке кітап қорынан кітапханаға сыйға тартты. Сыйға берілген 104 кітап аудандық кітапхананың кітап қорына енді.