«Кітапханадағы жаз» фестивалі
15.06.2024
Коксусская районная библиотека
Көксу аудандық кітапханасы, «Чародейка» клубы және «Koksu jastary» филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен 2024 жылы жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізу, ойындар арқылы білімдерін шыңдау, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, Көксу аудандық мәдениет үйі алаңында «Кітапханадағы жаз» фестивалінің ашылуы өтті. Шарада қағаз модельдеу, моншақ тоқу, ермексаздан мүсін, кескіндемеден мастер класстар көрсетіліп, тұрақты оқырмандардың әсем әндері орындалып, логикалық тапсырмалар, викториналық ойындар, интеллектуалды сайыстар, тағы да басқа көптеген ойын мен білімді түйістіретін қызықты ойындар ойнатылып, «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шара барысында белсенділік танытқан ойыншыларға билеттер таратылып, лоторея ойнатылып, сыйлықтары берілді.
Іс-шарада маусым, шілде, тамыз айларында, әр дүйсенбі мен сенбі аралығында Көксу аудандық кітапханасының коворкинг залында аудандық кітапхана мен «Чародейка» клубының бірлесіп ұйымдастыруымен өтетін кескіндеме, тоқыма тоқу, бисермен жұмыс, қағазбен модельдеу, гитара, шахмат, қазақ тілі үйірмелеріне жазылушылар тіркеліп, «Кітапханадағы қызықты әлем» атты ойын-саяхатының алғашқы қатысушыларына купондар берілді.
«Кітапханадағы жаз» фестивалінің ашылуында қатысушылардың кітап әлеміне деген қызығушылығы арта түсті. Көрермендер мен қатысушыларға арналған концерттік бағдарлама мен ойындар көпшіліктің назарына ілініп, көңілінен шықты. Шараға 180 адам қатысты.