02.07.2024
Коксусская районная библиотека
2 шілде күні "Бабалар рухымен үндесу, игі жақсылармен жүздесу" шарасы аясында Жетісу және Алматы облыстарының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаевтың «Андас» кітабінің тұсаукесер рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Көксу аудандық кітапханасы «Шежіре - қазақ тарихының айнасы» кітап көрмесін, С.Сейфуллин атындағы Орталық кітапханасы «Жетісу» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітапханашылар ел тарихымен, өлке тынысымен сусындаған асыл кітаптарымызды қонақтарға таныстырып шықты. Көрме жанында арнайы фотоаймақ та құрастырылды. Қонақтар мен іс-шараға қатысушыларға арнайы кітапшалар таратылды.
Кітаптың тұсаукесер рәсімін Алматы, Жетісу облыстарының Құрметті азаматы, қоғам қайраткері Жомартқали Баясылұлы Жексенбинов, Мемлекет және қоғам қайраткері Омархан Өксікбаев, белгілі қаламгер, журналист, ақын Нүсіпбай Әбдірахым, актер, қоғам қайраткері Орынбасар Тазабеков, қоғам қайраткері Өмірәлі Жалайыри ағаларымыз атқарды.
Тұсаукесерге арналған арнайы концерттік бағдарлама бірнеше кезеңдерге бөлінді. Бағдарламада «Бабалардан жеткен сөз, Санамызға сіңген сөз» атты сахналық қойылымы сомдалып, «Анда» шежіре отауының құрылымдық нұсқасын бекіту, «Анда» шежіре отауының жетелік құрамын сайлау және «Анда» шежіре отауының ұзақ мерзімді бағдары мен үш жылдық іс-жоспарын бекіту рәсімдері жүзеге асты.
Іс-шараға өңірлік, республикалық ақын-жазушылар, еліміздің беделді азаматтары, өнер адамдары, жергілікті «Жетісу» арнасының журналисттер қауымы, алқалы ақсақалдарымыз бен қаракөз апаларымыз қатысты. Жалпы шараға қатысушылар саны 150-ден астам адамды құрады.