Оқиғалар

"Жетісу-кітап керуені" жобасы

03.07.2024
17
Коксусская районная библиотека
С.Сейфулин атындағы орталық кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылған "Жетісу-кітап керуені" жобасы шілде айының 3-і күні Ақсу аудандық кітапханасында жалғасын тапты. Бұл жолы Көксу ауданы керуенмен Ақсу ауданына жол тартты. Келген қонақтарды Аудан өнерпаздары дәстүрлі әнмен қарсы алып, «Абыз Ақсу, Аңыз Ақсу, Нағыз Ақсу» тақырыбында ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды. Шараның ашылуында алғашқы құттықтау сөз Ақсу ауданының әкімінің орынбасары Ғазиз Отарбайұлы мен С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директоры Самал Қанатханқызына берілді. Жоба аясындағы кітап алмасу кезінде Көксу аудандық кітапханасының директоры Айгерім Айдарқызы өзінің жүрекжарды тілегін жолдаса, Көксу ауданының жас ақыны Зирагүл Нұрданбекқызы көрермен қауымға өзінің қаламынан тамған арнауын жолдады. Шараның келесі бөлімі Ақсу ауданының мәдениет және өнер қайраткері, Ақсу ауданының құрметті азаматы Шеге Елубаевтың «Театр ілімінің теориялық мәселелері» кітабының тұсаукесеріне берілді. Тұсаукесер басында Шеге Елубаевтың өмірінен сыр шертетін бейнебаян көрсетілді. Тұсаукесер рәсіміне Ақсу ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Амантай Айтбайұлы, Ақсу ауданының құрметті азаматы Дүйсен Мұхаметшарұлы мен Есеболатов Тілеухан ағаларымыз қатысып, Шеге Елубаев туралы естеліктерімен бөлісті Шара соңында М.Байсақұлы атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары ұсынған концерттік бағдарламалары көрермендерге тарту етілді. Ауқымды шараның нүктесін Кітапиянов Жасұлан мен Арда Шегеқызының орындауындағы Шеге Елубаевтың әні мен сөзіне жазылған «Аман бол» әні қойды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика