Оқиғалар

«Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы

«Ауыл кітапханаларына 100 кітап» акциясы
17.07.2024
18
Коксусская районная библиотека
Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап мәселесіне ерекше тоқталып, өз сөзінде: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек» деген болатын. Осы орайда, Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының бастамасымен «Ауыл кітапханаларына 100 кітап» атты акциясы бастау алды. Шалғайдағы ауыл кітапханаларына соңғы шыққан жаңа туындыларды жеткізіп, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған акция аясында Жетісу облысының Көксу аудандық кітапханасы да өңірге тарту етілген 100 кітапты алды. Жаңа кітаптарды оқырман қауымға таныстыру мақсатында Көксу аудандық кітапханасы «Чародейка» клубы мүшелерімен және «Aspan» шығармашылық орталығымен бірлесе отырып «Жаңа кітап-жаңа бастама» атты іс-шара өткізді. Шара барысында кітапханашылар жаңа кітаптарды көрермендерге таныстырып қана қоймай, кітаптар жайлы викториналық сұрақтар қойып, жылдамдыққа оқу жарысын ұйымдастырды. Ең белсенді оқушыларға купондар берілді. «Aspan» шығармашылық орталығының оқушылары оркестрмен күйлер орындап, жас жеткіншектер ән шырқады. «Париж арулары» атты бүлдіршіндер би тобы қолшатырмен өнер көрсетсе, жасөспірім аруларымыз заманауи K-pop биін биледі. «Чародейка» клубы кескіндеме көрмесін және түрлі қолөнер бұйымдары көрмесін ұйымдастырып, ұйым жетекшісі шара жөнінде ой-пікірін білдірді. Іс-шара соңында көрермендеріміздің жылы лебіз-тілектері айтылып, кітаптармен тікелей таныстырылым жүргізіліп, қорытындыланды. Шараға 80-нен астам оқырман, көрермендеріміз қатысты. Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызының бастамасына алғыс білдіреміз!
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика