Оқиғалар

«Кітапханадағы жаз» фестивалінің жабылу салтанаты

«Кітапханадағы жаз» фестивалінің жабылу салтанаты
21.08.2024
23
Коксусская районная библиотека
Көксу аудандық мәдениет үйі алаңында Көксу аудандық кітапханасы, «Чародейка» клубы, «Aspan» шығармашылық орталығы және «Koksu jastary» филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен 2024 жылы жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді әрі қызықты өткізу, ойындар арқылы білімдерін шыңдау, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында өткен «Кітапханадағы жаз» фестивалінің жабылу салтанаты өтті. Шарада «Чародейка» клубы мүшелерінің бірлесуімен бүгінгі күнге дейін жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі таныстырылды. «Aspan» шығармашылық орталығының талантты балалары өз өнерлерімен дүйім жұртты тәнті етті. Өнерлі жас жеткіншектеріміз түрлі ән шырқап, ырғақты би билеп, әуезді де әсем күй шертті. Оқырмандарға жаңа да қызықты кітаптарды таныстыру мақсатында «Балаларға базарлық» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жаз бойы М. Сеңгірбаев атындағы саябақта өткен «Кітапханадағы қызықты әлем» атты ойын-саяхатының ең белсенді әрі тұрақты оқырмандарына жүлделі орындары мен сыйлықтары табысталды. Кітапханамызда өткен әртүрлі іс-шараларға белсене қатысқаны үшін сүйікті оқырмандарымызға «Алғыс хаттар» берілді. «Кітапханадағы жаз» фестивалі арқылы қатысушылардың кітап әлеміне деген қызығушылығы арта түсті. Жоба өз жұмысын сәтті әрі жемісті аяқтады. Фестивальдің жабылу салтанатына 150 адам қатысты. Алдағы уақытта жаңа жобаларымызда кездескенше, оқырман!
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика