12.01.2024
Коксусская районная библиотека
Қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы тұлға — Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Дана халықтың дара перзент иісінің туылғанына 112 жыл толуына орай, Көксу аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен, мәдениет үйі қызметкерлері және Жастар ресурстық орталығының бірлесуімен «Қонаев - ғасыр саңлағы» атты ақпаратты сағат өтті. Шарда Д.Қонаев атамыздың өміржолдарынан бейнеролик көрсетіліп, Мәдениет үйінің дректоры Д.Қонаев атамыз туралы тың деректер айтып өтсе, Мұқыры халық театырының жетекші Мақпал Кимқызы мен Көксу аудандық кітапхана кітапханашысы Гаухар Ертанқызы Д.Қонаевтың еңбек жолы жайлы баяндамаларын оқыды. Шара соңында «Елі артақтаған тау тұлға» атты кітап көрмесі таныстырылды.