19.01.2024
Коксусская районная библиотека
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, алда өтетін іс-шараларға жоспар құру мақсатында, Көксу ауданының Ауған соғысы ардагерлері аудандық кітапханада жиын өткізді. Руханият ордасында бас қосқан ардагерлер елдің баянды болашағына берік іргетас қалайтын басты құндылықтарды сақтау мен кейінгі ұрпаққа дәріптеу турасында ой бөлісті. Олар қазіргі бейбіт заманның өзінде де жер шарының бір бұрышында соғыс өрті лаулап, онда жазықсыз жандардың мерт болып жатқандарын тілге тиек етіп, кейінгі ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінде туып-өскендерін мақтан тұтатындай етіп, патриоттық рухта тәрбиелеуде ортақ мүдделі екендіктерін алға тартты.