Оқиғалар

Әр өлеңі – бір әлем

Әр өлеңі – бір әлем
06.02.2024
21
Коксусская районная библиотека
Хан Тәңірінің мұзбалағы, ақиық ақын, тау тұлғалы талант, дарынды дарабоз, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сырлы сезімнің иесі Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, Көксу аудандық кітапханасы, мәдениет үйі қызметкерлері және білім бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен, ақын шығармашылығына арналған «Әр өлеңі – бір әлем» атты әдеби-сазды кеш өтті. Аталған шарада ақынның өмір жолы, шығармашылығы жайлы видео көрсетіліп, Қазақ радиосының «алтын қорында» сақталып қалған өз дауысымен оқыған өлеңдері тыңдалды, сонымен қатар Б.Құндақбаева, М.Құрманов және Н.Алдабергенов атындағы орта мектептерінің оқушылары ақынның өлеңдерін оқыса, Қ.Жалайыри атындағы мектеп-гимназиясының оқушылары «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылым көрсетті. Жас оқырмандар А.Жанатова, Е.Қазбек және мәдениет үйі өнерпаздары ақынның сөзіне жазылған әндер орындалып, «Жыр жүрегіндегі жазулар» атты кітап көрмесі таныстырылды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика