Оқиғалар

Естеліктер сөйлесін

Естеліктер сөйлесін
07.02.2024
17
Коксусская районная библиотека
Ағымдағы жылдың 7 ақпан күні аудандық кітапханада Кеңес әскерлерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай, «Естеліктер сөйлесін» атты кездесу кеші өткізілді. Шара барысында ауған соғысы ардагерлері Сейітов Мырзабек Кызайбекұлы және Адилкожаев Бакыт Шабденұлы жастарға Ауған соғысы жайлы айтып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Шара қонағы Көксу аудандық полиция орынбасары Елдар Метербаев құттықтау сөз сөйлеп, ардагерлерімізге жылы лебізін білдірді. Аталған шарада «Ерлік даңқы арта берсін» атты видеоролик көрсетіліп, «Тарихтан тағлым-өткенге тағзым» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шара соңында мәдениет үйінің қызметкерлері ән шашуын тарту етсе, кітапхана директоры Айгерім Айдарқызы құттықтау сөз сөйлеп, арнайы сыйлығын табыс етті.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика