Оқиғалар

Бүгінгі тренд – кітап оқу

Бүгінгі тренд – кітап оқу
13.02.2024
19
Коксусская районная библиотека
Көксу аудандық кітапханасында, ауданның 80 жылдығына орай, Көксу аудандық кітапханасы және “Koksu jastary” филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен «Бүгінгі тренд – кітап оқу» атты кітап жәрменкесі өтті. ????Шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Көксу ауданының әкімі Халелов Даулет Кенжеханұлы кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын айтып, аудан жастарын кітап оқуға шақырды. Сонымен қатар «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында кітапханаға кітап сыйлады. ????Іс-шара қонақтары Алматы облысының құрметті азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Қылышбаев Наурыз атамыз, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», Жетісу жұртшылығына «Ертегіші әже» атымен танымал Балакаранова Жұмабала, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Казақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының төрағасы, ақын Жангелді Немеребай, Қ.Р Жазушылар одағының, Қ.Р журналистер одағының мүшесі, Алматы облысы «Нұрлы өлке» қоғамдық саяси апталық газетінің бас редакторы, ақын Әмина Адайхан, Республикалық Егемен Қазақстан газетінің тілшісі, ақын Мұхтар Күмісбек құттықтау сөздерін сөйлеп, кітапханаға кітаптарын сыйға тартты. ????М.Мақатаевтың туған күніне орай өткен «Армысыздар адамдар» атты облыстық байқауда бас жүлдені иеленген Көксу аудандық «Қара дала» этно-рок ансамбілі әуезді әндерін және Балабекова Аруна жас оқырмандарға «Тик-токта отырма» атты әнін шырқады. Сонымен қатар жәрмеңкеде “Әр қазақ оқуға тиіс 10 кітап” аукционы, “Менің сүйікті кітабым” атты сурет байқауы, кітап желісі бойынша қойылым, викториналық ойындар, аниматорлардың қызықты тапсырмалары, шахмат, шашки, тоғыз құмалақ ойындары өтті. ????Жәрмеңкеге «Асыл қазына», «Атамұра» кітап дүкендері, сонымен қатар «Магнет бокс» онлайн кітап дүкені тұтынушыларға әр жанрдағы 70-тен аса кітаптарын тиімді бағада сатты. «Атамұра» кітап дүкені «Бір кітапқа – бір кітап» акциясын жүргізді.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика