Оқиғалар

14-ақпан халықаралық кітап сыйлау күні

14-ақпан халықаралық кітап сыйлау күні
08.10.2024
19
Коксусская районная библиотека
Халықаралық кітап сыйлау күні 2012 жылдан бастап, жыл сайын 14 ақпанда аталып өтеді. Мақсаты – кітаптың құдіретін арттырып, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті ояту. Осы орайда, Көксу аудандық кітапханасында өткен жәрмеңкеде Көксу ауданының әкімі Халелов Дәулет Кенжеханұлы, Алматы облысының құрметті азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Қылышбаев Наурыз атамыз, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі», Жетісу жұртшылығына «Ертегіші әже» атымен танымал Балакаранова Жұмабала, Қ.Р Мәдениет салысының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының төрағасы, ақын Жангелді Немеребай, Қ.Р Жазушылар одағының, Қ.Р Журналистер одағының мүшесі, Алматы облысы «Нұрлы өлке» қоғамдық саяси апталық газетінің бас редакторы, ақын Әмина Адайхан, Республикалық Егемен Қазақстан газетінің тілшісі, ақын Мұхтар Күмісбек аудандық кітапханаға кітаптар тарту етті.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика