08.10.2024
Коксусская районная библиотека
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осы орайда, Көксу аудандық кітапханасы, Көксу аудандық мәдениет үйі және «Атамекен іскер әйелдер» кеңесінің ұйымдастыруымен «Ең әдемі киім – ұлтымыздың киімі» атты ұлттық киім фестивалі өтті. Бірінші бөлімде ауданымыздың қол өнер шеберлерінің көрмелері таныстырылды. Атап айтсақ жеке кәсіпкерлер «Гүлсара», «Шынар», «Чародейка», «Нұргелді», «Қыран», «Амантай», «La Miele» қазақы нақыштағы аяқ киімдер, көйлектер, камзолдар, құрақ көрпелер, моншақтан жасалған әшекейлерін көрме қонақтарына таныстырды. Екінші бөлімде жастарға, әжелерге, келіншектерге, ер адамдарға, қазақ батырларына арналған және заманауи нақыштағы ұлттық киімдерден «Ұлттық киім – ұлт бейнесі» атты дефиле көрсетілді. Шарада «Ұлттық киім – асыл мұра» атты викториналық ойын ойнатылып, мәдениет үйі қызметкерлерінің әуезді әндерімен аяқталды.