Оқиғалар

Жетісу – кітап керуені

Жетісу – кітап керуені
27.03.2024
18
Коксусская районная библиотека
Көксу ауданының 80 жылдығына орай, аудандық кітапхана игі жақсылардың басын руханият ордасында қосты. Жетісу облысының, мәдениет, архивтер және кұжаттама басқармасы мен С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының бастамасымен жергілікті өлкенің ақын-жазушылары, композиторлары мен суретшілерінің кітаптарын басқа өңірлерге насихаттау мақсатында «Жетісу – кітап керуені» жобасы аясында, Көксу аудандық кітапханасына Сарқан ауданынан арнайы керуенмен келген аудандық кітапхана қызметкерлері мен сол өңірдің ақын-жазушысы, Сарқан газетінің редакторы Игіман Жомарт мырза келді. Керуенді мәдениет үйінің дәстүрлі әншілері әуезді әндерімен, ақ жаулықты әжелеріміз шашуларымен қарсалды. Аудандық кітапхананың «Шебер қолдар» үйірмесі мен «Чародейка» қолөнер орталығының бірлесуімен, үйірме мүшелерінің әр түрлі бағыттағы қолөнер жұмыстарының көрмесі таныстырлды. Жоба аясында ұйымдастырылған шарада Көксу аудандық кітапханасы және қызметкерлерінің жеткен жетістіктері жайлы баяндалып, қойнауы қазынаға толы, жері киелі, тарихы шежірелі – Көксу ауданын 80 жылдығына орай жасалған А.Ибраевтың өлеңіне бейнеролик көрсетіліп, танымал тұлғаларымыз жайлы «Көксуым – жұмақ мекенім» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды. Алматы облысының Құрметті азаматы, мемлекет және қоғам қайраткері Н.Қылышбаев, Көксу ауданының құрметті азаматы, ақсақалдар алқасының төрағасы С.Бәзілов, «Көксу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Қисметов, Талдықорған қалалық орталық кітапханалар жүйесінің директоры К.Сейтжанова және ауданымыздың жас ақын қызы З.Нұрданбек келген қонақтарға айшықты игі жоба әрбір кітапқұмар оқырманға рухани азық боларын айтып, алғыстарын білдірсе, Сарқан ауданынан келген қонақтар өлкелерінен шыққан ақын-жазушыларының кітаптарын сыйға тартып, ауданымыздың 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. Шара барысында Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атандағы орталық кітапхана директоры С.Шаяхметова «Жетісу – кітап керуені» жобасының мақсатына тоқталып, әр аудан өзінің жергілікті ақын-жазушыларының шығармаларын таныстыру мақсатында жалғасын табатынын айтты. Шара мәдениет үйі өнерпаздарының әсем әндерімен аяқталды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика