25.04.2024
Коксусская районная библиотека
Көксу ауданы, Мәмбет ауылдық кітапханасында Көксу ауданының 80 жылдығына орай "Құт береке дарыған, өрісі кең өңірім" атты әдеби-тарихи сағаты өтті. Аталған шара барысында кітапханашы ауданымыздың тарихы жайлы мағлұматтар берді, Лабасы ауылдық округі әкімінің орынбасары Сейітжанов Біржан Бекайдарұлы және ауылымыздың құрметті азаматы Уалиев Бақыт құттықтау сөзін сөйлесе, "Ақ әжелер" ансамблі ән шырқап берді, сондай-ақ ауылымыздың ақын жігіті Қуаныш Өнербекұлы ауданымыздың 80 жылдығына арнайы жазған өлеңін оқып берді. Кітапханашы ауданымыздың дамуына үлес қосқан ұлы тұлғаларды айтып қана қоймай, аудан жайлы викториналық сұрақ-жауаптар өткізді. Оқырмандар Көксу жайлы өлеңдерін жатқа айтып берді. Артынша "Туған өлке тұнған шежіре" атты кітап көрмесіне шолу жасалды.