1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне, Көксу аудандық кітапханасы мен "Үміт" күндізгі болу орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен "Береке - бірлікте, ырыс - ынтымақта" атты этнографиялық сағат өтті. Аталған шарада мереке жайлы ақпарат беріліп, "Орнын тап" ойыны ойнатылып, қазақ жерін мекендеген ұлт өкілдерінің әндері шырқалып, билері тамашаланды.