Оқиғалар

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
03.05.2024
19
Коксусская районная библиотека
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КЕҢЕСШІСІ МӘЛІК НҰРЖАНҰЛЫ ОТАРБАЕВ КІТАПХАНА ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ Ағымдағы жылдың мамыр айының 2-сі күні Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев Көксу аудандық кітапханасына келіп, қазіргі атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып, қызметкерлерімен тілдесті. Кітапхана еліміздің мәдени мұраларын сақтап, халықтың рухани байлығын, білім деңгейін дамытатын, оны насихаттайтын рухани мәдени орын. Қазіргі өркениетті қоғамның жағдайы кітапхана ісінде жаңа талаптар жүктейді. Айта кетсек, электронды кітап қорын енгізумен қатар, жаңаша форматта түрлі іс-шаралармен оқырманның кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында, кітапханашылар тың серпіліспен еңбек етуде. Кітапханамен, кітапханада атқарылып жатқан жұмыспен танысқан ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев кітапханашыларға ізгі тілегін білдіріп, еңбектеріне жеміс тіледі.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика