Оқиғалар

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
15.05.2024
16
Коксусская районная библиотека
Тамыры терең, тарихы кенен ауданымыз биыл өзінің 80 жылдық айтулы мерейтойын атап өтуде. Осы орайда, жерлесіміз, тарихшы, өлкетанушы Құлтай Нұрқалбайұлы Көксу аудандық кітапхнасына «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында ХҮ ғасырда қазақ хандығының негізін құрушылардың бірі, елін, жерін жаудан қорғаған қолбасшы, би, көсем, шешен Орақты батыр Алашұлының 600 жылдығына орай шыққан «Ұрпаққа ұран болған Орақты батыр» атты зерттеу кітабын және «Жалайыр тарихынан» атты сериямен шыққан көптомды зерттеу еңбектерін, «Қазақ тарихының атасы» атты деректемелер, «Ұлы тұлғалар» ғылыми-ғұмырнамалық сериясымен жарық көрген «Қазақ тарихының көшбасшысы» атты Қадырғали Қосымұлы Жалайырдың қазақ ғылымының дамуына қосқан еңбектері мен туындылары жайлы жинағын және библиографиялық көрсеткіштерін кітапханаға сыйға тартты. Құлтай Нұрқалбайұлының орта ғасырдағы қазақтың ғұлама тарихшы ғалымы, атақты би Қадырғали Қосымұлы Жалайыр жайлы жазған зерттеу еңбектері және басқа да, барлық сыйға тартқан 15 кітабы аудандық кітапхананың кітап қорына енді.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика