Оқиғалар

Отбасы күні

Отбасы күні
10.09.2025
44
Панфиловская районная библиотека
Отбасы — сыйластық пен тыныштық, махаббат, бірлік орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю-отбасыдан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы бастауы. Адамның жеке тұлға болып қалыптасып, өмірге кірпіш боп қалануы отбасыдан басталады. Баланың ер жетіп, бойына тек адамгершілік қасиеттер жинап өсуінде отбасы мәні зор. Сондықтан да туған үйдің тәлім-тәрбиесі бала көкірегінде мәңгі сақталады. Отбасында бала үшін ата-ананың орны бөлек. Әке-асқар тау, себебі ол отбасының қорғаны, панасы, отағасы. Ал, ана отбасының шуағы, ұйытқысы, жылуы. 13 қыркүйек күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Халықаралық Отбасы күніне орай «Ұлағатты отбасы - ұлт құндылығы» атты кездесу кеш өтті. Кеш қонақтары бақытты жанұя, еліміздің тыныштығы мен қорғаныс қауіпсіздігі аясында адал қызмет етіп жүрген әскери қызметкерлері 74261 әскери бөлімі, барлау шабуылдау батальоны, 2 барлау шабуылдау ротасы аға маман, аға жүргізуші сержант Ситяков Русланжан Имяржанович, Ситякова Динара Арзумановна қазіргі таңда бала тәрбиесі жайында, отбасы құндылықтары жайлы ой пікірлерін ортаға салып бөлісті. Сонымен қатар шарада, кітапханашылар Скакова Мадина Қанатжанқызының орындауында «Анаңды сүйсең менше сүй», Смағұл Елерке Сайлауханқызы «Бозтарғай» әндеріннен шашу шашып көрерменге жақсы көңіл-күй сыйлады. Шарамыздың тақырыбына сай қара өлеңмен жалғай отырып аудандық кітапхананың кітапханашысы Тұрғанова Ақниет Тұралықызы қара өлеңін нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Шара соңында аудандық кітапхананың директоры Султанбекова Дария Бекжігітқызы Халықаралық отбасылық мерекемен құттықтап, келген қонақтарға алғысын білдірді. «Отбасы бақыт- ұясы» атты кітап көрме ұйымдастырылып, оқырман назарына ұсынылды. Қатысқан адам саны - 25.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика