17.09.2025
Панфиловская районная библиотека
Бүгін кітапханамыздың қорына тағы бір құнды кітап сыйға тартылды.
Тарихшы, өлкетанушы, ұстаз Молот Мұсаұлы Солтанаевтың «Ормандағы ойран » атты кітабын аудандық кітапханамызға сыйға тарту етті.Қаламгердің бұл туындысы туған жерге деген алғаусыз сезім,ерлік пен батырлықтың үлгісі,қазақы қайсар болмыс, кейіпкерлердің терең жан-дүниесін жан-жақты әрі сәтті суреттелген.Шығармалардың тілдік бояуы қанық,көркемдігі жоғары.
Кітап сыйлау – білімге жасаған шынайы үлес. Ізгі ниетіңіз үшін алғысымыз шексіз!
Сыйға тартылған бұл еңбек – талай оқырманға ой салып, шабыт сыйлайды деп сенеміз.
Қаламыңыз ұштала берсін, шабыт пен шығармашылығыңыз сарқылмасын!