Оқиғалар

«Еңбек – жетістіктің бастауы»

«Еңбек – жетістіктің бастауы»
22.09.2025
33
Панфиловская районная библиотека
2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылына» әрі қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні мерекесіне орай аудандық кітапхананың оқырмандар залында «Еңбек жетістіктің бастауы» атты кездесу кеші өтті. Оған жастайынан еңбекке етене араласып, бүгінде еткен еңбегінің тәтті жемісін көріп отырған Арыстанбаев Қайрат Сұраншыұлы және Нұрпейісов Айдар Жаңабайұлы қатысып, әдемі әңгіме сүбелі сұхбат барысында бірнеше сұрақтарға жауап берді. Дөңгелетіп отырған кәсіптерінің қыр-сырына тоқталып, еңбек етудің абыройлы іс екеніне тоқталып өтті. Сонымен қатар Қайрат Сұраншыұлы ауданның өсіп-дамуына қосқан үлесі үшін Қазақстанның Алтын кітабына еніп отыр. Шараға қатысқан Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің студенттері кеш қонақтарына сұрақтарын қойып, тұжымды жауап алды. Сондай-ақ, шара барысында аудандық мәдениет үйінің әншісі Лаура Мүтән «Мәңгілік ел» , «Жасасын өмір», колледж студенті Жанай Магамедов «Анаға сағыныш» атты әндерін орындап көптің көңілінен шықты. Кеш соңында кітапхана директоры Султанбекова Дария Бекжігітқызы келген меймандарға алғыс білдіріп, естелік сыйлықты табыс етті.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика