Оқиғалар

Кітап – адам жанының рухани азығы

Кітап – адам жанының рухани азығы
24.09.2025
40
Панфиловская районная библиотека
Кітап оқыған сайын оқырманның ынтасы мен зейіні арта түсері анық. Кітап оқу – адам психологиясын сергітіп, рухани дамуға көмектеседі. Білімді толықтырып, ойлау жүйесін дамытады. Осылайша кітапты 1 рет қолына алған оқырманда әрі қарай басқа да кітаптарға деген қызығушылық туындайды. Жылдағы дәстүр бойынша KITAP TIME аясында бүгін, 24 қыркүйекте аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Кітап-ұлттық құндылық» атты тақырыпта ұлттық 100 кітапты насихаттау мақсатында шара өтті. Оған Жаркент жоғары педагогикалық колледжі студенттері қатысты. Шара барысында кітапханашы Ақниет Тұрғанова ұлттық 100 кітап жобасының шығу тарихы мен негізгі мақсатына тоқталып, шығармаларды таныстырды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика