Оқиғалар

Республика күні

Республика күні
17.10.2025
43
Панфиловская районная библиотека
Бүгінде Республика күні – еліміздің егемендігін, бірлігін, бейбіт өмірін және Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін дәріптейтін мереке. Бұл күні бүкіл ел бойынша түрлі салтанатты іс-шаралар, концерттер, патриоттық кездесулер мен көрмелер ұйымдастырылады. Республика күні – Қазақстанның мемлекеттік дербестігі мен тәуелсіздікке бастар жолының символы. Бұл мереке – ел бірлігінің, халқымыздың рухының және Отанға деген сүйіспеншіліктің мерекесі. Осыған орай 15 қазан күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Республика күніне орай «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» атты мерекелік кеш өтті. Шара барысында «Диана» жоғары медициналық колледжіннің студенті Тосқанбек Нұрлы «Қазағым» әнін әуелете шырқап көрерменге жақсы көңіл күй сыйлады. Патриоттық тақырыпта студенттер жыр шумақтарын нақышына келтіре мәнерлеп оқыды. Кеш қонағы Әбілхан Қастеевтің көркем - сурет галереясы, Панфилов аудандық филианынан келген Хаметжанова Жадыра Даулетханова оқырмандарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ шара барысында оқырмандарға сұрақ қойылып, жауап берген оқырмандарға Б. Жақыбаевтың кітабы берілді. Кеш соңында Тосқанбек Нұрлы, Хамза Дана «Қазақстаным» әнін шырқады. Аудандық кітапхананың директоры Султанбекова Дария Бекжігітқызы мерекемен құттықтап, келген қонақтарға алғысын білдірді. Шара соңында аудандық кітапхананың кітапханашысы Мырзағали Әсел «Жаса, жайна, байтақ өлке, бақ мекен» атты кітап көрмеге библиографиялық шолу жасады.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика