Сарқан аудандық кітапханасының оқу залында қаңтар айының 15 күні жазушы І. Есенберлиннің шығармашылық мұрасымен таныстыру және оны дәріптеу, жазушының қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесін оқырмандарға таныстыру мақсатында «Рухы биік тұлға» атты әдеби кеш өтті.