Оқиғалар

«Оқ пен оттың ортасынан оралғандар»

«Оқ пен оттың ортасынан оралғандар»
16.09.2025
43
Сарканская районная библиотека
Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен толықтай шыққанына 36 жыл толмақ. Осыған орай Сарқан аудандық кітапханасында ақпан айының 12 күні «Оқ пен оттың ортасынан оралғандар» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кездесуге өмірінің өлшеулі бір бөлігін, жалындаған жастық шағының жартысын оқ пен от арасында өткізіп, елге аман-сау оралып, туған жерімен қауышқан интернационалист-жауынгерлер, атап айтқанда Жұбанышов.Ә, Оспанов.С, Шерубаев.С, қатысты және Сарқан облыстық №3 мектеп – интернатының оқушылары.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика