31.10.2025
Сарканская районная библиотека
8 қазан 2025 жыл Лепсі ауылдық кітапханасында ауыл тұрғындары мен әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам» атты ақпарат сағаты өтті.
Іс-шара барысында кітапханашы сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері туралы баяндама жасап, қатысушыларға елімізде жүзеге асырылып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жайлы мағлұмат берді. Сонымен қатар, қатысушылар адалдық пен әділдік қағидаттары жөнінде пікір алмасты.