31.10.2025
Сарканская районная библиотека
2025 жылдың 23 қазан күні Лепсі ауылдық кітапханасында «Тәуелсіздік тұғыры – Республика күні» атты библиофреш өтті. Іс-шара барысында еліміздің Тәуелсіздігі мен Республика күніне арналған әдебиеттер таныстырылып, оқырмандарға тақырыптық шолу жасалды.
Кітап көрмесінде Қазақстанның тарихы, Тәуелсіздік жетістіктері мен ел дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы кітаптар ұсынылды. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсынылған әдебиеттермен танысты.