06.11.2025
Сарканская районная библиотека
05.11.2025ж. Сарқан ауданы Қойлық ауылдық кітапханасында Қазақтың ұлы ғалымы, тарихшы, шығыстанушы, географ Ш.Уалихановтың туылғанына 190 жыл толуына орай «Елім десе жүрегі шерге толған!» атты таным сағаты өтті. Мақсаты: алғашқы қазақ ғалымы, әдебиет зерттеуші Шоқан Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту, Шоқанның еңбектері мен өмірінің кейбір кезеңдерін білуге деген танымдық қабілеттерін дамыту.Шоқан Уалиханов – қазақ мәдениетін әлемге танытқан, тарих, этнография және фольклор саласында зерттеулер жүргізген алғашқы кәсіби энциклопедист-ғалым. Кітапханашы А.Адамбаева Ш.Уалихановтың өмірі мен еңбектері туралы мағлұмат берді. Шара М.Жұмабаев атындағы орта мектебінің 6 сынып оқушыларының қатысуымен өтті.