13.11.2025
Сарканская районная библиотека
Қараша айының 12 жұлдызы күні аудандық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету залында, Абай атындағы мектеп гемназиясының 8 сынып оқушыларымен бірлесе отырып, «Ұлттық теңге-Тәуелсіз Қазақстанның айшығы» атты ақпара сағаты өткізілді. Қазақстанда жыл сайын 15 қарашада «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес ұлттық валюта – теңге күні және еліміздің қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтеді. Қазақстан теңгесі –Қазақстанның ұлттық валютасы.1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы шықты.1993 жылы 15 қарашада теңге айналымға енді. Содан бері бұл күн Ұлттық валютаның ресми күні болып саналады. Бүгінгі таңда теңге – тәуелсіздіктің экономикалық негізі, егемендік символы, Қазақстанның жаңа тарихы мен болашағының толыққанды бөлігі. Сол себепті бұл күн сіз бен біз үшін аса маңызды, айрықша қадірлі күн. Оқушыларға кітапханашы Э.Скакова Тәуелсіздігіміз де, теңгеміз де тұғырлы, ғасырдан-ғасырға жетер ғұмырлы болсын- деп өз сөзін аяқтады.