25.11.2025
Сарканская районная библиотека
25.11.2025ж Қарабөгет ауылдық кітапханасында қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет сыншысы Тәкен Әлімқұловтың шығармашылығына арналған «Қаламмен өрілген тағдыр» атты әдеби сағат өткізілді.Іс-шара барысында кітапханашы Жанаргүл Бостанқызы жазушының өмір жолы, көркем әдебиеттегі орны, ұлттық өнер мен тұлғаларды дәріптеген шығармалары кеңінен таныстырылды. Оқырмандар назарына Тәкен Әлімқұловтың «Поэмалар», «Өлең-жыры», «Қаратау» сынды туындылары ұсынылып, шығармаларынан үзінділер оқылды. Кітапханашы Жанаргүл Бостанқызы кітап көрмесін ұйымдастырды.