Сарқан ауданы Көктерек ауылдық кітапханасында 20 қараша күні М.Мәметова атындағы орта мектептің 8 сынып оқушыларымен «Терроризм адамзаттың қасіреті» атты дөңгелек үстел өтті. Іс шара барысында оқушыларға терроризмнің қауіптілігін түсіндіріп, бейбіт өмірдің маңызына тоқталды. Сақтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу барысында түсініктер беріліп, пікір алмасты.